Accessibility links

Хадиджа Исмайыл: Сот істі аяқтауға асығып жатыр


Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Әзербайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Бакуде әзербайжандық журналист, Азаттық радиосының тілшісі Хадиджа Исмайылдың соты адвокаттарының қатысуынсыз жалғастып жатыр. Исмайылдың сот процесін доғара тұруды сұрап берген өтініші қанағаттандырылмады.

Судья сотқа қатыспаған қорғаушыларды жазалауы мүмкін екенін мәлімдеген. Ал Исмайылдың айтуынша, адвокаттар басқа процеске қатысуына байланысты бұл сотқа келе алмайтындарын алдын ала ескерткен.

Исмайыл «судья істі тез аяқтауға тырысып жатыр» деп мәлімдеген.

Хадиджа Исмайыл 2014 жылы желтоқсанның 5-і күні Турал Мустафаевтың «мені өлімге итермеледі» деп жазған шағымы негізінде тұтқындалған. Кейін журналистке «салық төлеуден жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген қосымша айыптар тағылған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Исмайылдың өзі тағылған айыптардың саяси астары бар және ол журналистің кәсіби қызметімен байланысты деп санайды. Исмайыл тұтқындалғанға дейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен оның отбасының қаржысы туралы бірнеше зерттеу материалдар жариялаған.

Мамыр айында америкалық ПЕН орталық Хадиджа Исмайылды «Әзербайжан билігінің жоғары деңгейіндегі коррупцияны әшкерелеген зерттеулері» үшін Барбара Голдсмит атындағы сыйлықпен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG