Accessibility links

Қазақ-қырғыз кедендік шекарасы бүгін ашылмақ


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Ақ жол" шекаралық бақылау бекеті.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Ақ жол" шекаралық бақылау бекеті.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Ақ жол» шекаралық бақылау бекетінде кедендік бақылауды алып тастауға арналған рәсімге дайындалып жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, екі елдің жоғары лауазымды үкімет өкілдері кедендік шекараны салтанатты жағдайда ашады деп жоспарланған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев бұл шараны Ыстықкөлдегі резиденцияда тікелей трансляция арқылы қатысады деп хабарланды.

Бүгін, 12 тамыз күні Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) Қырғызстанды мүшелікке қабылдау туралы келісім күшіне енген соң, бұл ел Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен бірге ЕАЭО-ның толыққанды мүшесіне айналды.

XS
SM
MD
LG