Accessibility links

Жол апатынан жараланған 2 қырғызстандық Бішкекке жеткізілді


Жамбыл облысының картасы.

Жамбыл облысының картасы.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы жол апатынан зардап шеккен екі Қырғызстан азаматы Бішкекке жеткізілді. Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен үшінші қырғызстандық Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы ауруханада ауыр халде жатыр.

7 тамызда Алматы-Екатеринбург тас жолының 450 километрінде жолаушылар автобусы мен шағын автобус соқтығысқан. Астанадан Шымкентке шыққан шағын автобуста бірнеше Қырғызстан азаматы болған. Апаттан төрт қырғызстандық қаза тауып, үшеуі жарақаттанған. Ал жолаушылар автобусындағы адамдардың зардап шеккені туралы мәлімет болған жоқ.

XS
SM
MD
LG