Accessibility links

Гюмриде ресейлік солдаттың соты басталды


Валерий Пермяков.
Валерий Пермяков.

Арменияның Гюмри қаласында ресейлік солдат Валерий Пермяковқа қатысты сот басталды. Процесс ресейлік гарнизонның әскери сотында өтіп жатыр.

Істі армениялық сот қарайды. Ал ресейлік құқық қорғау органдары Пермяковқа қару ұрлау және әскерден қашу баптары бойынша кінә тақты.

Осыған дейін сот Пермяковты қамауда ұстау мерзімін 2016 жылдың 30 қаңтарына дейін созған.

Биыл қаңтардың 12-сі күні Гюмридегі Ресей әскери базасынан өз бетімен кетіп қалған Валерий Пермяковке сол қаладағы Аветисяндар отбасының жеті адамын бірдей өлтірген деген айып тағылған. Ол айыбын мойындаған.

XS
SM
MD
LG