Accessibility links

Қытай юаньді екінші рет девальвациялады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қытай бүгін юаньді тағы девальвациялап, әлемдік қор биржаларында кезекті дүмпу тудырды. Кеше Қытай Ұлттық банкі юаньнің АҚШ долларына шаққандағы бағамын 1,9 пайызға арзандатқан. Екінші рет жүргізілген девальвация нәтижесінде юань бағамы Қытай нарығында 3,5 пайызға, әлемдік нарықта 4,8 пайызға арзандады.

Юань деваольвациясы әлемде экономилық қуаты жағынан екінші саналатын Қытай экономикасы жай-күйіне қатысты алаңдаушылық тудыра бастады. Юаньнің әлсіреуі Қытайдың экономиканың өсу қарқыны алты жылда ең төменгі көрсеткішті құраған тұста бәсекеге қабылеттілікті арттыру арқылы экспорттық әлеуетті күшейту әрекеті ретінде қарастырылып отыр.

Қытай Ұлттық банкі бүгін жеке валюта айырбастау жүйесін реформалау аясында шаралар қабылданғанын мәлімдеп, юань бағамына қатысты алаңдаушылықты сейілтуге тырысты.

Юаньнің әлсіреуіне байланысты бүгін Азия қор биржаларында сауда басталар алдында Қытай экономикасының жай-күйіне қатысты алаңдаушылық туды.

Юаньнің әлсіреуі америкалық сенаторлар арасында да шиеленісті көңіл-күй тудырып, олар Пекинді сауда-саттықта басымдыққа ие болуға ұмтылады деп айыптады. Айырбас бағамының төмен болуы экспорт бағасын төмендетіп қана қоймайды, ол Қытайға кіретін шетелдік тауар бағасын да арттырады.

XS
SM
MD
LG