Accessibility links

"Астана ЭКСПО-2017" департаменті экс-басшысын қамау ұзарды


"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

Астананың Алматы аудандық 2-соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті қамау мерзімін 8 құыркүйекке дейін ұзартты. Үсенов "бөтеннің өзіне сеніп тапсырылған үлкен көлемдегі қаржыны жымқырған" деген күдікке ілінген.

Кеше Астананың Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауда отыру мерзімін 17 қыркүйекке дейін ұзартқан. Мұның алдында "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы директоры Амангелді Ермегияевті қамауға алу мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Баркинхоев пен Ермегияев өзіне сеніп тапсырылған қаржыны заңсыз иеленді деген күдікке ілінген. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының топ-менеджерлері маусым айында ұсталған.

XS
SM
MD
LG