Accessibility links

"Ахметов өлген" деп жалған ақпар таратушыға айып салынды


Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының тұрғынына әлеуметтік желідегі жалған аккаунтын пайдаланып көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты деген айыппан айыппұл салынды. Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, сот материалдары бойынша, Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының тұрғыны биыл қыста президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің "қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратқан".

Айыпталушы "ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен кінәлі деп танылған. Оны қамауда ұстау шешімі өзгертіліп, бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде (10 мың АҚШ долларынан астам) айыппұл салынған.

Бұрынғы премьер-миинстр әрі қорғаныс министрі болған Серік Ахметов 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр. Оған коррупциялық қылмыстар жасады деген айып тағылған. Ахметовтің ісі бойынша сот 27 маусымда Қарағанды қаласында басталған. Бұл іске қатысты Ахметовтен өзге айыпталушылар арасында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдіктерінің бұрынғы бірнеше қызметкері бар.

21 адамға қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты айыптар тағылған. Серік Ахметовке бұдан өзге, "аса ірі көлемде пара алды" (2 миллион АҚШ долларынан астам) деген де айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG