Accessibility links

Министрлік: 39 "Алтын белгі" иегері грантқа іліге алмады


Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының түлегі, "Алтын белгі" иегері. 24 мусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының түлегі, "Алтын белгі" иегері. 24 мусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Биыл мектеп бітіруші 39 "Алтын белгі" иегері мемлекеттік білім грантына ие бола алмай қалды деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Министрліктің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаевтың айтуынша, бұған жалпы республикада "Алтын белгі" иегерлерінің көбінің экономика және құқықтану сияқты тек беделді мамандықтарға тапсыратыны және ол мамандықтарға бөлінетін грант саны жыл сайын азайып келе жатқаны себеп болуы мүмкін.

Өмірбаев грантқа іліне алмай қалған "Алтын белгі" иегерлеріне құжат тапсырған университеттеріне барып, ректор бөлетін грантқа қабылдауға өтініш білдіруі қажет. "Барлық ректорлар ең алдымен "Алтын белгі" иегерлерін қолдауы тиіс" деген министрлік өкілі.

Мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын айтқан Өмірбаев бұған дейін де мемлекеттік білім грантын иелене алмай қалған "Алтын белгі" иегерлері қыркүйекке дейі жоғары оқу орындарына оқуға қабылданғанын айтты.

Биыл мемлекет бөлген 32 мың грантқа Ұлттық бірыңғай тест тапсырған 67 мыңнан астам абитуриент құжат өткізген. Гранттардың 78 пайызы мектепті қазақ тілінде бітіргендерге берілді. Гранттардың үштен бірі - техникалық, 6 мыңы -педагогикалық, 2 мың 500-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген.

Грант тағайындаған кезде "Алтын белгі" иегерлері, Назарбаев зияткерлік мектептері түлектері, халықаралық және республикалық олимпиада жүлдегерлері, мүгедектер мен жетім балаларға жеңілдік берілген.

XS
SM
MD
LG