Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путин 12 тамызда Украина шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді.

Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Украина әскерінің "ресейшіл сепаратистер мен Украина шығысындағы бейбіт тұрғындарға шабуылы" талқыланған.

Бұған дейін Еуропа Одағы Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді украин әскері бақылауындағы аймақтарға шабуылын күшейтіп, ақпан айында Минскіде жасалған бейбіт келісімді бұзды деп айыптаған.

Ресей сыртқы істер министрлігі 11 тамызда Украина шығысында қақтығыс шебіндегі жағдай соңғы күндері шиеленіскенін мәлімдеп, Киевті "жауапсыз әрекеттерін тоқтатуға" шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG