Accessibility links

АМТ-ның жалақыны азайтуын заңсыз деп тапты


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы цехтарының бірі, Теміртау. (Көрнекі сурет).

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы цехтарының бірі, Теміртау. (Көрнекі сурет).

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы басшылығының 4 қыркүйектен бастап жұмысшылар жалақысы қорын азайту туралы бұйрығы жарамсыз деп танылды. Бүгін бұйрықтың заңдылығын тексерген еңбек инспекциясы компнаияға бұйрықтың күшін жоюды міндеттеді.

Еңбек инспекциясы 13 тамыз күнгі сағат 13-ке дейін "АрселорМиттал Теміртаудың" еңбек ресурстары және еңбек қатынастары жөніндегі директоры Дмитрий Павловқа тапсырманың орындалғаны туралы жазбаша ақпарат беруді міндеттеді. Компания әзірге еңбек инспекциясынан міндеттеме келгеніне қатысты түсінік бермеді.

Металлургтер мен көмір өндірушілер кәсіподағы жетекшілерінің айтуынша, компанияның жалақыны азайту туралы бұйрығы еңбек кодексіне қайшы келеді.

Металлургтер кәсіподағының ресми сайтында хабарланғандай, металлургия комбинаты жұмысшыларының жалақыны азайтуға қарсы қол жинауы аяқталған. Жалақыны азайтуға қарсы барлығы 10 мың қол жиналған. Кеше қол қойылған парақшалар компания басшылығына танысып шығуға берілген.

Жалақыны азайтуға қарсы қол жинағанда жұмысшылардың бір бөлігі дағдарыс кезінде компания қаржысын үнемдеуге қатысты өз ұсыныстарын білдірген.

XS
SM
MD
LG