Accessibility links

Ресейдің С-300 кешендері Алматыға жеткізілді


Ресейдің С-300ПС зенит зымыран кешендері.
Ресейдің С-300ПС зенит зымыран кешендері.

Ресей қорғаныс министрлігінің Қазақстан әуе қорғанысы күштеріне тегін берген бес С-300ПС зенит зымыран кешені Алматы маңына жеткізілді деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі. С-300ПС кешендері теміржолмен Алматы маңындағы "Жетісу" станциясына жеткізілген.

Министрлік мәліметінше, зенит зымыран кешендері әскери сынақтан өткізіліп, әскери-әуе қорғанысы күштеріне бағынышты бөлімдерге беріледі. С-300ПС кешендері Қазақстанның әуе кеңістігін қорғамақ.

С-300ПС зенит зымыран кешені төмен қашықтықта ұшатын шағын нысандарды жоюға арналған.

Ресейдің Қазақстанға С-300ПС кешендерін тегін беретіні өткен жылы хабарланған.

XS
SM
MD
LG