Accessibility links

Әкімдік: Калачи тұрғындары қазанда Есілге көшеді


Қазақстан ұлттық ядролық орталық қызметкерлері Калачи ауылында. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ұлттық ядролық орталық қызметкерлері Калачи ауылында. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақмола облысы әкімдігі Калачи ауылының тұрғындары Есіл қаласындағы жаңа үйлерге қазан айында көшіріле бастайды деп мәлімдеді.

Әкімдік қазіргі кезде Есіл қаласында Калачи тұрғындары үшін 73 және 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы салынып жатқанын айтады. 73 пәтерлі үйдің құны – 399,4 миллион теңге, ал 45 пәтерлі үй бағасы – 243 миллион теңге деп хабарланды.

Калачи ауылында соңғы жылдары ондаған тұрғын белгісіз «ұйқы дерті» белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Бұған дейін бірнеше комиссия мен жүргізілген зерттеулер белгісіз дерттің нақты себептерін анықтай алмады. Ауыл іргесінде Совет билігі кезінде өндіріліп, кейін жабылып қалған уран кеніші бар.

XS
SM
MD
LG