Accessibility links

Швейцария Иранға қатысты бірнеше санкцияны алды


Берндегі федералдық сарай. (Көрнекі сурет)
Берндегі федералдық сарай. (Көрнекі сурет)

Швейцария Иранға қарсы салынған кейбір санкцияларды алатынын хабарлады. Берн бұл шешімді Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен әлемдік алты мемлекет арасында жасалған келісімді қолдау деп мәлімдеді.

12 тамызда Швейцария федералдық кеңесі Иран құнды металдары және мұнайына қатысты салынған кейбір тыйымдарды алды.

Басқа батыс елдері Иранға салынған санкцияны алмас бұрын Тегераннан қол қойылған келісімді сақтайтынын растайтын құжаттар күтіп отыр. Келісімге сәйкес, Иран өз ядролық бағдарламасын шектейтін шаралар қабылдаған соң ғана бұл елге қарсы салынған санкциялар толық алынатын болады.

XS
SM
MD
LG