Accessibility links

Балабақшадағы сәби өліміне айыпты 2,5 жылға сотталды


Алматыда жеңіл автокөлік бұзып кірген балабақшаның ойын алаңы. Алматы, 20 мамыр 2015 жыл.

Алматыда жеңіл автокөлік бұзып кірген балабақшаның ойын алаңы. Алматы, 20 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Алматының Әуезов аудандық соты қаладағы балабақшалардың бірінің ойын алаңына жеңіл автокөлікпен басып кіріп, бес жасар баланың ажалына себепкер болған Татьяна Семченконы екі жарым жылға соттады.

Үкімге сәйкес ол жазасын қоныс колониясында өтейді. Сонымен бірге сот Семченконы бес жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сот барысында оқиғадан зардап шеккен балалардың ата-аналарының Семченкоға кешірім бергені туралы хаты оқылған. Ата-аналар сотталушы барлық шығынды өтегендіктен оған кешірім беретіндерін жазған.

Мамырдың 20-сы күні Алматыдағы «Таугүл» ықшамауданындағы Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан 58-балабақшаның ойын алаңына жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» автокөлігі басып кіріп, салдарынан 5 жасар бала опат болған еді.

XS
SM
MD
LG