Accessibility links

Қытайда жарылыс құрбандары саны артты


Тяньцзинь қаласындағы жарылыс орнында жүрген бульдозер. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Тяньцзинь қаласындағы жарылыс орнында жүрген бульдозер. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы портты Тяньцзинь қаласында болған бірнеше ірі жарылыстан қаза тапқандар саны 44 адамға жетті. Жүздеген адам жараланған және олардың көбі ауруханада ауыр халде жатыр. Мерт болғандар арасында кемінде 12 өрт сөндіруші бар. Бүгін Қытай билігі жаңа жарылыстар болуынан қауіптеніп, өрттің жан-жағына жайылуының алдын алу әрекеттерін тоқтатуға мәжбүр болды.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, 13 тамызға қараған түні қаладағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, соңы жарылыстарға ұласқан. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, ең ірі жарылыс қуаты 21 тонна тротильді құраған.

Жарылыс аймағына жақын маңнан түсірілген видеода түн ортасында аспанға қарай ондаған мертге созылатын будақтаған түтін, отқа оранған ғимарат пен қираған контейнерлер көрінеді.

France Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыс орнынан радиусы бірнеше километр қашықтықтағы ғимараттардың терезелері сынған.

XS
SM
MD
LG