Accessibility links

Сирия оппозициясы Ресей-Иран бейбіт жоспарынан бас тартты


Сирия революциялық және оппозициялық күштері ұлттық кеңесінің басшысы Халед әл-Ходжа.
Сирия революциялық және оппозициялық күштері ұлттық кеңесінің басшысы Халед әл-Ходжа.

Сирия қалыпты оппозициялық күштері саяси коалициясы Ресей мен Иран ұсынып отырған Сириядағы төрт жылға созылған соғысты тоқтату жоспарын "іске алғысыз" деп тастады.

Сирия революциялық және оппозициялық күштері ұлттық кеңесінің басшысы Халед әл-Ходжа 13 тамызда Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қақтығысты тоқтатудың бірден-бір жолы -Сирия президенті Башар Асадтың "биліктен кетуі" деп атады.

Ресей мен Иран Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресу үшін БҰҰ арқылы құрамына Башар Асад билігі кіретін халықаралық коалиция құруға тырысып жатыр.

Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр 11 тамызда Сауд Арабиясы Асад күштері кіретін кез-келген коалицияға қосылмайтынын мәлімдеген.

АҚШ, Еуропа Одағы мен Таяу Шығыстағы өзге де араб елдері де Асад биліктен кетуі тиіс деген ұстанымдарынан айнымай отыр.

XS
SM
MD
LG