Accessibility links

ҚТЖ қызметкерлерінің жұмыс режимін қысқартпақ


Жезқазған қаласының теміржол вокзалы. (Көрнекі сурет).

Жезқазған қаласының теміржол вокзалы. (Көрнекі сурет).

"Қазақстан темір жолы" компаниясы қыркүйек айынан бастап теміржол жұмысшыларының жұмыс сағатын азайтады деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбековтің айтуынша, бұған теміржолда тауар айналымы азайып, табыстың кемуі себеп.

Ахметбеков жұмысшыларды қысқартпау үшін және қаржыны үнемдеу мақсатында негізінен аптасына бес күн жұмыс істейтін қызметкерлер төрт күндік жұмыс режиміне ауысатынын, бірақ ауысыммен істейтін жұмысшылар негізінен қалыпты тәртіпте жұмыс істей беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG