Accessibility links

Сот Лейла және Ариф Юнуске түрме жазасын кесті


Әзербайжандық құқық қорғаушылар Лейла және Ариф Юнус.
Әзербайжандық құқық қорғаушылар Лейла және Ариф Юнус.

Баку соты әзербайжандық құқық қорғаушылар Лейла Юнусты сегіз жарым жылға, оның күйеуі Ариф Юнусты жеті жылға соттады.

Ерлі-зайыпты Ариф және Лейла Юнустерге "алаяқтық жасады", "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды" деген айыптар тағылған.

Лейла және Ариф Юнус өздеріне тағылған айыптарды мойындау бас тартып, қылмыстық іс саяси мақсатта қозғалған деп санайды.

Бұған дейінгі сотта прокурор 60 жастағы Ариф Юнусты тоғыз жылға және 59 жастағы Лейла Юнусты он бір жылға соттауды сұраған.

Үкім оқылар алдында Лейла Юнус сотқа түрмеге қамау денсаулықтары нашар күйеуі екеуі үшін "өлім жазасына кескенмен бірдей екенін" мәлімдеді. "Сіздер біз үшін өлім жазасын кесіп отырсыздар. Менің де, күйеуімнің де денсаулығы ұзақ уақыт түрмеде отыруға жарамайды" деді Лейла Юнус.

Ол бұған қоса өздерінің адам құқықтарын қорғаумен айналысқаны үшін жазаланып отырғанын да айтты. "Әзербайжан совет фашизмінің жолымен кетіп барады. Бұл күндері Әзербайжанда диктаторлықты тоқтатқысы келген кез-келген адам қуғынға ұшырайды" деді Лейла Юнус.​

Бакудегі тіркелмеген Бейбітшілік және Демократия институты директоры сыйлығының лауреаты Лейла Юнус армян құқық қорғаушыларымен тікелей диалог орнатуымен танылған. Кавказдағы қақтығысты зерттеуші әрі тарихшы Ариф Юнус 1990 жылдардың басында Әзербайжанмен соғыста Армения сепаратистері басып алған Таулы Қарабах өңіріндегі қақтығысты зерттеген.

XS
SM
MD
LG