Accessibility links

Апелляциялық сот: Голышкинді қамау заңды


Павлодар облыстық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин.

Павлодар облыстық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин.

Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы бүгін судьяның "Версия" газетінің бас редакторы Ярослав Голышкинді қамау мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзарту шешімін заңды деп тапты. Бұл туралы "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

Ярослав Голышкин 14 мамырда қамалған. Шілде айында оны қамау мерзімі тамыздың 14-іне дейін, ал тамызда қыркүйектің 14-іне ұзартылған. Прокуратураның ұйғарымынша, Голышкин Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаевтан "ақша бопсалаған" ұйымдасқан қылмыстық топ туралы іс бойынша айыпталып отыр. Голышкиннің әріптестері оны "әкім ұлы қыз зорлады" деген ақпаратқа қатысты журналистік зерттеу жасаған дейді.

Бозымбаевтан ақша бопсалау ісі бойынша айыпталған өзге екі адам - кәсіпкер мен полицей үйқамақта отыр. "Әділ сөздің" мәліметі бойынша, полиция таңбаланған ақшаны алу кезінде ұстаған кәсіпкер Нұржан Сүлейменовті "тергеу жұмысымен ынтымақтасып, басқа айыпталушыларды әшкерелегені үшін" бас бостандығын шектеу режимін жеңілдеткен.

XS
SM
MD
LG