Accessibility links

Германия: ИМ Иракта химиялық шабуыл жасаған


Ирактың солтүстігінде ИМ-мен соғысып жүрген күрдтің пешмерга жасақтары.

Ирактың солтүстігінде ИМ-мен соғысып жүрген күрдтің пешмерга жасақтары.

Ирактың Күрдістан автономиялық аймағындағы Германия әскери бақылаушылары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары күрд қарулы күштеріне қарсы хлорин газын қолданған болуы мүмкін деп хабарлады.

Күрд автономиясы орталығы Ирбил қаласында жүрген герман барлау бөлімі немістің Bild басылымына химиялық шабуыл тамыздың 12-сі күні Ирбилден оңтүстік-батысқа қарай 60 километр қашықтықтағы Махмур қаласында жасалған болуы мүмкін деген.

Герман күштері шабуыл жасалғаны туралы мәліметті жергілікті тайпа басшыларынан алған. Шабуылдан зардап шеккен 60-қа пешмерга сарбазының тыныс алу жолдары зақымданған.

Bild германиялық әскерилер шабуылға қатысты мәліметті Берлинге бергенін жазады. Германия ИМ жасақтарына қарсы соғысып жатқан пешмерга жасақтарын жаттықтырады.

Махмур қаласы Ирактың солтүстігіндегі 2014 жылдың жазынан бері ИМ содырлары мен күрд жасақтары арасындағы майдан шебі болып отыр.

XS
SM
MD
LG