Accessibility links

Қазақстандық екі мерген олимпиада жолдамасын алды


Пистолетпен ату (Көрнекі сурет).

Пистолетпен ату (Көрнекі сурет).

Нысана көздеуден қазақстандық екі атлет Владимир Исаченко мен Рашид Юнусметов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиадаға жолдама алды.

Әзербайжанның Габала қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде 10 метрден пневматикалық пистолетпен ату жарысында Владимир Исаченко күміс медаль, ал Рашит Юнусметов бесінші орын алды. Екі спортшы да олимпиада нормативін орындады.

Қазақстан алдағы олимпиадаға 110-нан аса спортшы апаруды жоспарлап отыр. Қазір елден 16 спортшы олимпиада жолдамасын иеленген.

XS
SM
MD
LG