Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге көңіл айтты


Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан кейінгі көрініс.
Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан кейінгі көрініс.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айтып жеделхат жолдаған деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Жеделхатта жарылыс салдарынан көптеген адамның қызы тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің және барша Қазақстан халқының атынан Қытай президентіне, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, жарылыстан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соңғы деректер бойынша, бейсенбіге қараған түні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Тяньцзинь қаласында болған бірнеше қуатты жарылыстан қаза тапқандар саны 44 адамға жеткен. Жүздеген адам зардап шеккен, олардың арасында ауыр халде жатқан ондаған адам бар.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Тяньцзиндегі ең үлкен жарылыс күші 21 тонна тротиль қуатына тең болған.

XS
SM
MD
LG