Accessibility links

ТЖК: Іле Алатауында сел жүру қаупі бар


Іле Алатауындағы Мәншүк Мәметова атындағы мұздық. (Көрнекі сурет)

Іле Алатауындағы Мәншүк Мәметова атындағы мұздық. (Көрнекі сурет)

Алматы қаласының таулы аймақтарында тамыздың 14-17 аралығында ауа температурасының көтерілуі мен жаңбыр жаууына байланысты сел жүру қаупі бар деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Комитет 14 тамызда ұялы байланыс құралдары арқылы тұрғындарға хабарлама жіберіп, сел қаупі туралы ескерткен.

23 шілдеге ауған түні Алматының бірнеше ауданында сел жүріп, төтенше оқиғадан мыңнан аса адам эвакуацияланған. Ондаған адам дәрігерге қаралған. Ресми орындар селге Алматы маңындағы Қарғалы өзені бассейніндегі 8-мұздық астында орналасқан, шамамен 40 мың текше метр су жиналған көлдің табаны бұзылуы себеп болды деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG