Accessibility links

Шымкентте екі жарылыстан екі адам зардап шеккен


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы екі күнде көшеде қолдан жасалған жарылғыш заттардың жарылысы салдарынан екі адам зардап шеккен деп хабарлады жергілікті баспасөз құралдары.

Облыстық ішкі істер департаментінің (ОҚО ІІД) хабарлауынша, тамыздың 13-і күні таңертең Чапаевка елдімекенінде болған жарылыстан 39 жастағы ер адам зардап шеккен. Алдын ала болжам бойынша, ол адам қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылысынан жарақат алған.

Содан бір күн бұрын, тамыздың 12-і күні тағы бір қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, 11 жастағы қыз бала зардап шеккен. Полиция сәрсенбідегі оқиға бойынша Чапаевка ауылының 22 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстаған

ОҚО ІІД ақпаратында екі күн қатарынан болған жарылыстардан зардап шеккендердің аяқтарына зақым келіп, «бірінші дәрежелі күйік» алғаны айтылған.

2012-2013 жылдары Шымкенттің Чапаевка елді мекенінде болған бірнеше жарылыстар салдарынан бір адам ауыр жараланып, екі адам орташа дәрежеде жарақаттанған еді. Жергілікті құқық органдары сол жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен ұстаған үш адамның ісін қараған сот былтыр көктемде оларды айыпты деп танып, екеуін 14 жылға және біреуін 13 жыл мерзімге соттаған.

XS
SM
MD
LG