Accessibility links

"ИМ иприт қолданған" деген хабарды АҚШ тексеріп жатыр


Ирактағы ұрыс болып жатқан ауданда әуеге көтерілген улы зат. (Көрнекі сурет)

Ирактағы ұрыс болып жатқан ауданда әуеге көтерілген улы зат. (Көрнекі сурет)

АҚШ «Ислам мемлекеті» экстермистік тобы Ирак күрдтеріне қарсы халықаралық конвенция бойынша тыйым салынған улы зат – ипритті («қыша газы») қолдануы мүмкін деп күдіктенеді. Осыған байланысты АҚШ алдағы уақытта тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Wall Street Journal газетіне сұхбат берген АҚШ-тың жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің бірі ИМ тобының соңғы рет күрдтермен қақтығыста «иприт газын қолданғаны туралы сенімді ақпарат барын» айтқан.

АҚШ ИМ тобы иприт газын Сирия мен Ирактан алуы мүмкін деген жорамал айтады.

Күрдтердің ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, тамыздың 12-і күні Эбрил қаласының маңында ирактық күрдтердің жасағына шабуыл жасалған. Ал Германия қорғаныс министрлігі 60 күрд сарбазының тыныс жолдары жарақатын алғаны туралы хабарлаған. Берлин олар құрамында хлор бар қарудан зардап шеккен болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG