Accessibility links

Киев: сепаратистер жағына сегіз мың адам өткен


Украинаның бас әскери прокуроры Анатолий Матиос.
Украинаның бас әскери прокуроры Анатолий Матиос.

Украина билігінің қолында сепаратистер қатарына қосылған милиционерлер мен әскери қызметкерлер туралы толық дерек бар деп мәлімдеді Украинаның бас әскери прокуроры Анатолий Матиос.

Оның сөзінше, сепаратистер қатарына өткен бес мың милиционер мен үш мың әскери қызметкердің аты-жөні Киевке белгілі.

УНИАН агенттігі күш құрылымдарының ара-тұра сепаратистер жағына өткен қауіпсіздік қызметі өкілдері жайлы хабарлап отыратынын айтады. Мысалы, маусым айында Донецк облыстық ішкі істер басқармасы жетекшісі Вячеслав Аброськин бұрынғы сегіз милиционердің сепаратистер тарабына қосылғаны жайлы айтқан.

XS
SM
MD
LG