Accessibility links

Хорватия: Салопекті ұрлауға екі топ қатысқан


ИМ тобы кепілде ұстаған Хорватия азаматы Томислав Салопек.
ИМ тобы кепілде ұстаған Хорватия азаматы Томислав Салопек.

Хорватия сыртқы істер министрі Весна Пусичтің мәлімдеуінше, осы елдің азаматы Томислав Салопекты ұрлауға екі топ қатысқан. Олар алғашында хорватиялық азамат жұмыс істеген франциялық CGG компаниясынан ақша сұраған. Кейін 5 тамызда Салопек сөйлеген видео жарияланып, ол «Ислам мемлекеті» экстемистік тобының Египеттегі бөлімшесінде тұтқында екенін айтқан.

13 тамызда ИМ тобы өз жақтастары кепілдегі Салопекті өлтіргені туралы мәлімдеме таратқан. Ал содан бір күн бұрын «Салопектің жансыз денесі» деген сипаттама жазылған сурет интернетте жарияланған.

Хорватия премьер-министрі Зоран Миланович ел үкіметі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қолына түскен хорват азаматының өлімін толық нақтылай алмай отырғандарын айтқан.

Томислав Салопекті шілде айында Египет астанасы Каирдың батысында ұрлап әкеткен. Оны тұтқындағандар Египет түрмесіндегі барлық мұсылман әйелдерді босатуды талап еткен еді.

XS
SM
MD
LG