Accessibility links

"Көп қаржы ұрлаған" сегіз әскеридің ісі бойынша сот өтеді


Әскери сот үкімі. (Көрнекі сурет)
Әскери сот үкімі. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты үлкен мөлшерде ақша ұрлаған деген айып тағылған әскери бөлімінің сегіз лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізді. Бұл туралы әскери соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратта айып тағылып отырған әскери қызметкерлердің аты-жөні, қызмет-шені және ақша ұрлау оқиғасы болған әскери бөлім туралы айтылмаған.

Күдіктілерге 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 31 тамызына дейінгі уақыт аралығында қызмет бабын пайдаланып, ұйымдасқан топ құрамында әскери қызметкерлер мен бөлім қызметшілерінің карт-шоттарына негізсіз ақша аудару арқылы 547 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған деген айып тағылып отыр.

«Адвокаттардың өтініштері қаралған соң, негізгі сот талқылау 2015 жылы тамыз айының 24-іне тағайындалды» деп хабарлады әскери соттың баспасз қызметі.

XS
SM
MD
LG