Accessibility links

Шығыс Украинада екі бейбіт тұрғын оққа ұшқан


Атыстан бүлінген үйдің жанында тұрған әйел. Дзержинск, 28 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Атыстан бүлінген үйдің жанында тұрған әйел. Дзержинск, 28 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Шығыс Украинада өткен түні Дзержинск қаласындағы жұмыс істемейтін шахта аумағында сепаратистердің артиллериялық қарудан берген соққылары салдарынан екі бейбіт тұрғын мерт болған. Ол екеуінің снаряд жарықшағы тиген жансыз денелері бүгін таңертең табылған деп хабарлады Украина ішкі істер министрлігі. Бұдан өзге, кешке кешкісін Дзержинск қаласы мен маңындағы Новгородское және Артемово елдімекендерін атқылаған кезде екі әйел зардап шеккен. Тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар бүлінген.

Донецк облысы Волновах ауданындағы Андриивка селосын атқылау салдарынан төрт адам жараланған.

Украина президенті әкімшілігінің арнайы операциялар жөніндегі өкілі Андрей Лысенконың мәлімдеуінше, жұма күні сепаратистер соңғы жарты жыл бойы байқалмаған әскери белсенділік танытқан. Олар украиналық әскерилердің позицияларына қоса тұрғын үйлер орналасқан аудандарға да оқ жаудырған. Өткен тәулікте сепаратистер оқ атпау режимін 175 рет бұзғаны айтылады.

Украина қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, Донецк облысындағы Старогнатовка селосында украиналық әскери техника мен әскери бөлімшелердің қозғалыс бағыттары мен орналасқан жері туралы мәліметтерді сепаратистерге жеткізіп отырған деген күдікпен бір адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG