Accessibility links

Қытай: жарылыс құрбандары саны 85 адамға жетті


Тяньцзинь қаласындағы жарылыс болған маңда тұрған адам. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Тяньцзинь қаласындағы жарылыс болған маңда тұрған адам. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы портты Тяньцзинь қаласында болған бірнеше ірі жарылыстан қаза тапқандар саны 85 адамға жеткен. Мерт болғандар арасында 21 өрт сөндіруші бар. Жарылыстардан жүздеген адам жараланған, кейбір адамдар әлі хабарсыз кеткендер санатында.

Қытай билігі елдегі қауіпті заттар сақталатын қоймаларға жаппай тексеру жүргізбекші.

Тамыздың 13-іне қараған түні Тяньцзинь порты аймағындағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, оның соңы жарылыстарға ұласқан. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, ең ірі жарылыс қуаты 21 тонна тротил күші шамалас болған.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше оқиға кезінде жарылыс орнынан радиусы бірнеше километр қашықтықтағы ғимараттардың терезелері сынған.

XS
SM
MD
LG