Accessibility links

БҰҰ сарапшылары Иранды АҚШ тілшісін босатуға шақырды


The Washington Post газетінің Ирандағы тілшісі Джейсон Резаян. Тегеран, 10 қыркүйек 2013 жыл.

The Washington Post газетінің Ирандағы тілшісі Джейсон Резаян. Тегеран, 10 қыркүйек 2013 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Тегеранды АҚШ-тың The Washington Post басылымының тілшісі Джейсон Резаянды дереу босатуға шақырды. Иран билігі «тыңшылық жасаған» және «Иранға қарсы насихат жүргізген» деп айыптаған журналистің қамауда отырғанына бір жылдан асты.

«Резаянды тұтқындап, қамауда ұстау және ісін жабық сотта қарау оның құқығын бұзып, Иранда журналистерді қорқытып-үркіту мақсатын көздейді» делінген БҰҰ сарапшыларының мәлімдемесінде. Сонымен бірге, қамаудағы журналисті жалғыз өзін жеке ұстап, тергеу кезінде оның қысым көргені айтылған.

Джейсон Резаянның ісі бойынша Иран сотының үкімі алдағы аптада шығуы мүмкін екені айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG