Accessibility links

Пекиндегі парадқа Қазақстан әскері қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин сап түзеп тұрған құрметті қарауыл алдынан өтіп барады. Астана, 7 мамыр 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин сап түзеп тұрған құрметті қарауыл алдынан өтіп барады. Астана, 7 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы Қытай астанасында қыркүйектің 3-і күні өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік ақпаратында бүгін, тамыздың 15-і күні қазақстандық әскерилердің қорытынды саптық байқауы өткені, олар Пекиндегі парадқа қатысуға толық дайын екені айтылған.

Қазақстандық құрметті қарауыл ротасының әскери қызметкерлері енді тамыздың 17-і күні Пекин қаласына аттанып, кытайлық әскери қызметшілермен бірлескен жаттығуларға кіріседі деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

XS
SM
MD
LG