Accessibility links

Ресей тікұшағы Охот теңізіне құлаған


Ресейлік Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресейлік Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Хабаровск өлкесінде бүгін Ми-8 тікұшағы Охот теңізіне құлаған. Бұл туралы жергілікті төтенше қызмет хабарлаған.

Тікұшақта 13 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі болған. Он адам теңізден құтқарылған, алтауы әлі табылмай жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, сенбі күні Полина Осипенко атындағы кенттен ұшып шыққан тікұшақпен байланыс үзіліп қалған. Арада біраз уақыт өткенде экипаж командирі байланысқа шығып, тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған.

Апат болған аймаққа төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушы-іздеу тобы аттанған.

XS
SM
MD
LG