Accessibility links

Тамыздың 15-і күні Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 447 километр қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 21 сағат 55 минутте тіркелген. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, 5 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG