Accessibility links

МАГАТЭ: Иран ядролық зерттеулері жайлы ақпарат берді


БҰҰ штаб-пәтерінің алдына тігілген Иран туы. (Көрнекі сурет)

БҰҰ штаб-пәтерінің алдына тігілген Иран туы. (Көрнекі сурет)

Иран халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) өзінің ядролық зерттеулер жұмысы туралы ақпаратты берген.

Бұл туралы хабарлаған МАГАТЭ мәлімдемесінде Тегеран мұндай қадамды әлемдік алты мемлекет пен Иран арасында жасалған келісім бойынша әзірленген «жол картасына» сәйкес жасап отырғаны айтылған.

Келісім бойынша, МАГАТЭ қазанның 15-іне қарай Ираннан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік алты мемлекет пен ресми Тегеран арасындағы келісімге биыл шілденің 14-інде Венада қой қойылған. Кейін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бұл келісімді мақұлдау туралы қарар қабылдаған.

XS
SM
MD
LG