Accessibility links

Жерорта теңізінде 40 мигрант опат болған


Еуропаға теңіз арқылы жетпек болған мигранттарды құтқару операциясы. (Көрнекі сурет)
Еуропаға теңіз арқылы жетпек болған мигранттарды құтқару операциясы. (Көрнекі сурет)

Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз жетпек болған кемінде 40 мигрант кемеде опат болған. Бұл туралы хабарды Италия әскери-теңіз күштері өкілі растады, бірақ оқиғаның егжей-тегжейі жайлы дерек берген жоқ.

Ливиядан теңіз арқылы Италияға бара жатқан кемеде 400-ге жуық мигрант болған. Қаза тапқандар кеме трюмінде тұншығып өлген болуы мүмкін деген жорамал бар.

Бұған дейін Еуропа Одағы Еуропаға қашып келіп жатқан босқындар саны екінші дүниежүзілік соғыстан бергі кезеңде ең үлкен көрсеткішке жетіп отырғаны туралы мәлімдеген. БҰҰ дерегі бойынша, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында Еуропаға теңіз арқылы 137 мың босқын өткен. Бұл 2014 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 80 пайызға артық. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінде жыл басынан бері Ливиядан Италияға теңіз арқылы қайықпен жетпек болған кемінде екі мың адам опат болғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG