Accessibility links

Ресейде жарлық күшіне енгелі 600 тоннадай азық-түлік жойылған


Тыйым салынған жеміс-жидек пен көкөніс жойылған жерді тазалап жүрген трактор. Белгород маңы, Ресей, 6 тамыз 2015 жыл.

Тыйым салынған жеміс-жидек пен көкөніс жойылған жерді тазалап жүрген трактор. Белгород маңы, Ресей, 6 тамыз 2015 жыл.

Ресейде күн сайын орта есеппен 150 тонна азық-түлік өнімдері жойылады деп хабарлады Россельхознадзор. Бұл шара президент Владимир Путиннің жарлығы күшіне енген тамыздың 6-сынан бастап жүргізіліп жатыр.

Сол уақыттан бері, Россельхознадзор ақпараты бойынша, жалпы көлемі 600 тоннаға жуық жеміс-жидек, көкөніс және мал өнімдері контрабандалық тауар ретінде жойылған.

Тамыздың 15-індегі мәліметке сәйкес, ұсталып, жойылған өсімдік өнімдерінің мөлшері 550 тоннаны құраған. 321 тонна мал өнімдері ұсталып, 47 тоннасы жойылған. Оның ішінде қол жүгімен алып өтпек болған 576 килограмм тауар да бар деп хабарлайды Россельхознадзор.

Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көресткені үшін Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясына жауап ретінде Мәскеу шетелден келетін азық-түлік өнімдерін елге кіргізуге тыйым салған былтыр қабылданған шешімнің күшін биыл тағы бір жылға ұзартқан және азық-түлік эмбаргосы салынған мемлекеттер санын кеңейткен.

Мәскеудің эмбарго салынған азық-түлікті жою шарасы Ресей тұрғындары арасында наразылық туғызған. Бұған қарсылық білдірген интернеттегі петицияға осы кезге дейін 370 мыңға жуық адам қол қойған.

XS
SM
MD
LG