Accessibility links

Қытай Тяньцзиндегі жарылыстардан соң ондаған сайтты жапты


Тяньцзиндегі жарылыстар құрбандарын еске алып шырақ жаққан студенттер мен оқытушылар.

Тяньцзиндегі жарылыстар құрбандарын еске алып шырақ жаққан студенттер мен оқытушылар.

Қытай билігі портты Тяньцзинь қаласындағы жарылыстарға байланысты «үрей шақыратын қауесет таратқан» ондаған сайттар мен әлеуметтік желілердегі жүздеген аккаунтарды бұғаттады деп хабарлады ВВС.

Жарылыс болған кезде хабар-ошарсыз кеткендердің туыстары қоймада қандай химиялық заттар сақталғаны туралы ақпарат беруді талап етіп наразылық акцияларын өткізген.Жарылыс салдарынан бүлінген тұрғын үй иелері мемлекеттен өздеріне өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

Билік жарылыс ошағынан үш шақырым радиусте тұратындарды түгел басқа жерге көшіріп, елдегі қауіпті заттар сақталатын қоймаларға жаппай тексеру жүргізуге бұйрық берген.

Тамыздың 13-іне қараған түні Тяньцзинь порты аймағындағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, оның соңы жарылыстарға ұласқан. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, ең ірі жарылыс қуаты 21 тонна тротил күші шамалас болған.

Соңғы деректер бойынша, жарылыс салдарынан 112 адам мерт болып, жүздеген адам жараланған. 95 адам хабар-ошарсыз кеткен. Жарылыс болған жерде құтқару шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG