Accessibility links

Пәкістан: жанкешті шабуылынан 12 адам өлген


Жарылыс болған жерде жүрген адам. (Көрнекі сурет)

Жарылыс болған жерде жүрген адам. (Көрнекі сурет)

Пәкістандағы Пенджаб провинциясының ішкі істер министрі Шуджа Ханзадаға бүгін қастандық жасалды. Министр кеңседе тұрғындарды қабылдап жатқан кезде терроршы өзін өзі жарып жіберген. Кейбір деректер бойынша, теракт жасалған кезде ғимаратта ондаған адам болған.

Жарылыстан ауыр жараланған Ханзада ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Жанкештілік шабуылдан тағы кемінде 11 адам қаза тапқан. Қуатты жарылыс салдарынан кеңсе ғимаратының бір бөлігі қираған. Құтқарушылар қиранды астынан 20-дан аса адамды алып шыққан.

Министр Ханзаданың қазасына жауапкершілікті «Лашкар-э-Джангви» экстремистік тобы мойнына алған. Олар мұны шілде айында полицияның оғына ұшқан жетекшілерінің қазасы үшін кек алу деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG