Accessibility links

Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері кездеседі


Ресей мен Иранның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Мухаммед Джавад Зариф.
Ресей мен Иранның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Мухаммед Джавад Зариф.

Ресей мен Иранның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Мухаммед Джавад Зариф бүгін Мәскеуде кездесу өткізеді.

Екі министр кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасы мен Сирияда бейбітшілік орнату мәселесін талқылайды.

Соңғы уақытта Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы түзеліп, екі ел Сириядағы Башар Асад режимін қолдайтындарын мәлімдеген.

14 тамыз күні Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Иранға S-300 ракета жүйесін жіберуге дайын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG