Accessibility links

Қазақстан - көгалдағы хоккейден Азия чемпионы


Көгалдағы хоккей ойыны (Көрнекі сурет).

Көгалдағы хоккей ойыны (Көрнекі сурет).

Таиландтық Накхонратчасима қаласында әйелдер арасында көгалдағы хоккейден жабық алаңдағы Азия чемпионаты аяқталды.

Чемпионатқа Қазақстан, Таиланд, Камбоджа, Гонконг және Өзбекстан әйелдер құрамасы қатысты.

Топтық кезеңде Қазақстан төрт қарсыласын да жеңіп, финалға шыққан. Ал Таиланд құрамасы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен құрама ретінде финалға жолдама алды. Финалда Қазақстан командасы 4:2 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Ал Гонконг спортшыларын 2:1 есебімен жеңген Өзбекстан құрамасы қола медаль иеленді.

XS
SM
MD
LG