Accessibility links

Пәкістанда терактіден провинция министрі қаза тапты


Пәкістан әскерінің қызметкері.
Пәкістан әскерінің қызметкері.

Пәкістанда террорлық әрекеттен Пенджаб провинциясының министрі Шунджа Ханзада мерт болды. Ханзада тұрған үйдің маңында террорист өзін-өзі жарып жіберген.

Пәкістан билігінің мәлімдеуінше, шабуылдан кем дегенде 11 адам қаза тапқан. Қазір қираған ғимараттардың астынан тірі қалғандарды құтқару операциясы жүріп жатыр. Үйінді астынан 20-ға жуық адам құтқарылған.

Терактіні "Талибан" қозғалысымен байланысы бар «Лашкар-и-Ислам» ұйымы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG