Accessibility links

Алматыдан 251 километрде жер сілкінді


Алматы облысының аумақтық картасы.
Алматы облысының аумақтық картасы.

"Тамыздың 17-сі күні сағат 12.08-де Алматы қаласынан солтүстікке қарай 251 километр қашықтықта 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді" деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, 15 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,1.

Жер сілкінісі Алматы облысы аумағында сезілмеген.

XS
SM
MD
LG