Accessibility links

Ахметов ісі: куәгерлерге сауал қою басталды


Куәгерлердің бірі, «ЕвроСтандарт – Қарағанды» зауытының бұрынғы директоры Руслан Сыздықов.
Куәгерлердің бірі, «ЕвроСтандарт – Қарағанды» зауытының бұрынғы директоры Руслан Сыздықов.

Бүгін Қарағандыда Серік Ахметов ісіне қатысты сот жалғасып, куәгерлерге сауал қою басталды.

Істегі басты куәгерлердің бірі, «ЕвроСтандарт – Қарағанды» зауытының бұрынғы директоры Руслан Сыздықов сотта «Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің өзінен қызметінен кетуді сұрағаны» туралы мәлімдеді. Сыздықовтың айтуынша, Әбдішев оған «қызметіңді дұрыс атқармадың» деген.

Сыздықов сотта Әбдішевтің электрондық адресінен «ЕвроСтандарт – Қарағанды» зауытының 95 пайыз акциясынан бас тартуды талап еткен хат алғанын» да айтты.

Фирма жолға төсейтін тас кесектерін шығарумен айналысқан. Тергеушілердің болжамы бойынша, бұл тастар қолдан көтерілген қымбат бағаға сатылып отырған. Бұл әрекет те бұрынғы шенеуніктердің коррупцияға қатысты қылмыстық ісіне тіркелген.

Бауыржан Әбдішевтің адвокаттары Сыздықовқа сұрақ қойған кезде «ЕвроСтандарт – Қарағанды» зауытының бас кеңсесін тінту кезінде бұл зауыттың куәгерлері болмағанын» ескертті. Олар судьядан зауыттың бас кеңсесін тінту кезінде болған куәгерлерге сұрақ қоюды талап етті. Бұл өтінішке қатысты судья нақты шешім шығарған жоқ. Куәгерлерге сауал қою жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG