Accessibility links

Шведова әлемнің 8-ракеткасын жеңді


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 106-орында тұрған Ярослава Шведова Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан теннис турнирінің екінші айналымына шықты.

Ол бірінші айналымда әлемнің сегізінші ракеткасы испандық Гарбине Мугурусаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч бір сағат 40 минутқа созылған. Шведованың екінші айналымдағы қарсыласы бүгін анықталады.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс (әлемнің 33-ракеткасы) бірінші айналымда америкалық Винус Уильямстан 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 70-орында) америкалық Коко Вандевегеден жеңілді - 3:6, 2:6.

XS
SM
MD
LG