Accessibility links

Сириядан Мәскеуге үш Қазақстан азаматы жеткізілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сириядан Мәскеуге ресейлік ұшақпен қазақстандық үш азамат эвакуацияланды деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан азаматтары - 1970 жылы туған бір әйел мен оның екі баласы Мәскеудің "Домодедово" әуежайына 18 тамызға қараған түні жеткізілген. Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен Сирияның Латакия қаласынан Ресей және ТМД елдерінің 59 азаматы Мәскеуге жеткізгенін хабарлаған.

Сирияда қарулы қақтығыс басталғалы бері ондағы Қазақстан консулдығы мен Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшілігі Қазақстанның 150-ден астам азаматын Сирия аумағынан шығарған. Оның кейбірі Ресей ұшақтарымен Қазақстанға оралған.

XS
SM
MD
LG