Accessibility links

Индонезияда ұшақ апаты құрбандарының денесі табылды


Trigana Air әуе компаниясы ұшағының бірі. (Көрнекі сурет).
Trigana Air әуе компаниясы ұшағының бірі. (Көрнекі сурет).

Индонезияда ұшақ құлаған ауданда 38 адамның денесі табылды деп хабарлады бүгін Индонезия билігі. Индонезия құтқару қызметінің жетекшісі Бамбанг Соэлистьоның айтуынша, Trigana Air компаниясының 16 тамызда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында тірі қалған бір де бір адамның табылуы неғайбыл. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін қолайсыз ауа-райында таулы әрі орманды аймақта құлаған. "Әуе кемесі апатқа ұшырап, толықтай қираған. Ұшақ бөлшектеніп, бір бөлігі жанып кеткен" дейді Соэлистьо.

Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 49 жолаушы, барлығы 54 адам болған. Индонезия транспорт министрлігінің баспасөз хатшысы апат орнынан 38 адамның денесі табылғанын хабарлады. Ол ауа-райының нашарлығынан апат құрбандары денесін әкету жұмыстары кешеуілдеп жатқанын да айтты.

Ұшақта болған және кедей отбасыларына қоғамдық көмек ретінде берілуі тиіс болған 470 мың АҚШ доллары көлемінде қаржының қайда екендігі жайлы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG