Accessibility links

Назарбаев: Көп нәрсе Ұлттық банк жұмысына тәуелді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Женева, 27 шілде 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Женева, 27 шілде 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін экономикалық ахуал қиындап, бюджет қаржысы азая бастаған тұста көп нәрсе Ұлттық банк жұмысы мен мемлекеттің қаржы және несие саясатына тәуелді екенін мәлімдеді. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездескенінде айтқан.

"Бюджет жағдайы нашарлап, экспортқа шығаратын барлық тауардың бағасы арзандауына байланысты Ұлттық банктің жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істегені өте маңызды" деген Назарбаев.

Келімбетов кездесуде Ұлттық банктің елдегі инфляция деңгейін 3-4 пайыз деңгейінде ұстау тапсырмасын орындағанын айтқан. Келімбетов келтірген дерек бойынша, 2015 жылдың алғашқы жартысында инфляция деңгейі 1,4 пайызды, жылдық инфляция 3,9 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG