Accessibility links

Царнаев сотты қайта өткізуді сұрады


Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевтың соттағы кескіні.
Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевтың соттағы кескіні.

Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына кесілген Джохар Царнаев Бостондағы жарылыс турасындағы "қатыгез" қоғамдық пікір өзіне қатысты соттың әділ өтуіне кедергі жасады деп, сотты қайта өткізуді сұрап шағым түсірді.

Царнаевтың адвокаттарының мәлімдеуінше, 2013 жылдың 15 сәуірінде болған жарылыстан кейін таралған "озбырлық" салдарынан бостондық судьялар Царнаевқа әділ үкім шығара алмаған.

Адвокаттар шағымында "қатыгез қоғамдық пікір" көрінісі ретінде жарылыстан қаза тапқан үш адам мен жараланған 260-тан астам адамға арналған шараларды атайды.

"Ақпарат құралдары жарылыстан тірі қалғандар, оның ішінде 2015 жылғы марафонда жарылыстан аяғына ампутация жасалып, протез аяғымен марафонның қалған бөлігін жүгіріп өтіп, құлай жылаған Ребекка Григорий есімді адамды да көрсетті" дейді адвокаттар.

15 мамырда алқа соты Джохар Царнаевқа өлім жазасын кескен. Сот оған өлім жазасын инъекция салу арқылы орындауды үкім еткен.

Жарылыстан кейін Бостонда жарылыс құрбандарына болысушылық білдірген баннерлер қаптап ілінген.

XS
SM
MD
LG