Accessibility links

Саудагерлер Алматыны алюкобондтан арылтуға шақырды


"Адем" сауда кешенінің өртенген павильонының саудагерлері мен азаматтық белсенділер баспасөз жиынында отыр. Алматы, 18 тамыз 2015 жыл.

"Адем" сауда кешенінің өртенген павильонының саудагерлері мен азаматтық белсенділер баспасөз жиынында отыр. Алматы, 18 тамыз 2015 жыл.

Алматыда сәуір айында "Адем" сауда орталығының бір бөлігі өртенгенде зардап шеккен бір топ кәсіпкер мен бірнеше азаматтық белсенді Алматы әкімі Бауыржан Байбекке үндеу жолдады. Баспасөз жиынын өткізген олар Байбектен Алматыны тез жанатын "алюкобонд" материалынан арылтуды сұрады. "Алюкобонд" бұған дейін Қазақстанда ғимараттардың қаптауда кең қолданылған.

Жиынды ұйымдастырушылар бұған қоса бұрын ақпарат құралдарында жарияланған өрт аумағы және заттары өртенген саудагерлер тартқан шығын сомасы туралы мәліметтермен келіспейтінін мәлімдеген. Жиында кәсіпкерлер зардап шекті деген 15 адамның аты-жөні жазылған тізім көрсетілді. Тізім бойынша, 15 адам 797 миллион теңге (шамамен 4,2 миллион АҚШ доллары) көлемінде шығын көрген.

Үндеу авторларының айтуынша, Алматы қалалық әділет басқармасы "Адемдегі" өрттен зардап шеккендердің қоғамдық ұйымын тіркеуге кедергі келтірген. Ал жәбір көрушілердің "Адемнің" өртенген павильонындағы жабындарды ашу кезінде түсірілген видеосын қылмыстық іс материалдары мен сараптамаға қосу туралы өтініші қабылданбаған.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары "Алем" сауда павильонындағы өрт аумағы 25 мың шаршы метр болды деп хабарлаған. Құқық қорғаушы Василий Резванның айтуынша, өртенген сауда орны аумағы 50 мың шаршы метрден асады, ал бұрынғы мәлімет Алматы қалалық ішкі істер департаментінің есебінен алынған.

Сәуірдің 26-сында сағат 21 шамасында "Адем" сауда орталығы павильондарының бірінен өрт шығып, ол 27 сәуір күні түске таман бір-ақ өшірілген. Өрт аумағы 25 мың шаршы метрден асып, кешеннің бір павильоны түгелдей өртенді. Өрт екінші павильонды да шарпыды. Ресми орындар өрт кешенде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан шыққан деп ұйғарған.

XS
SM
MD
LG